Атырауда автобус пен жүк көлігі бір-бірімен соқтығысты (ВИДЕО)

1 25 Жаңалықтар

Атырауда автобус пен жүк көлігі бір-бірімен соқтығысты. Оқиға Контейнерный ықшамауданы маңындағы «Атырау-Доссор» тас жолында болған.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Олардың айтуынша, 24 қараша күні, сағат 11:00-де «Volvo Камаз» жүк көлігі мен «КАвЗ» автобусы соқтығысқан.

Қазіргі таңда жүк көлігінің жүргізушісі – 1989 жылғы Қызылорда облысының тумасы екені анықталды. Ал, автобустың жүргізушісі 1960 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны.

Бүгінде екі жүргізуші де наркологиялық-дәрігерлік сараптамадан өтуде.

Айдос Қарабала

Видео Instagram желісіндегі Zello_atyrau-дың парақшасынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз