Жарнама
Жаңалықтар

ВИЗАСЫЗ КІРУ – 19 ЕЛДІҢ АЗАМАТЫНА!

 

Республика Үкiметiнiң қаулысы бойынша, 2015 жылдың 16 шiлдесiнен 2017 жылдың 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария және Жапония азаматтары Қазақстанға 15 күнге визасыз ене алады. 

Оның айтуынша, аталмыш елдiң өкiлдерi Қазақстанға көп мәрте кiре алады. Дегенмен, оларға еңбек етуге, миссионерлiк қызметпен айналысуға және төленетiн қызметпен айналысуға тыйым салынады. 

«ЭКСПО-2017 комиссары ретiнде Қазақстанға келушi елдердi тарту бойынша жұмыстарды атқарудамыз. Қазiргi кезде 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйым өзiнiң келiсiмiн бердi. Бүгiнде 8 мемлекет өздерiнiң комиссарларын тағайындады. Ендi осы жылдың аяғына шейiн тағы да 30 мемлекеттi аралап, олардың келiсiмiн алу жоспарда бар», — дейдi Р. Жошыбаев. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button