7496456

Хабиб Нурмагомедов елімізге жасырын келіп игі іс жасады (+ФОТО)

Адамгершілік айнасы Жаңалықтар Рухани жаңғыру Қоғам

Спортшы халықтың шектен тыс назарын қаламаған болса керек, балалар үйіне баспасөз өкілдерінсіз барыпты. Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Қарағандыға келді. Спортшы «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездескен. «Иә, қалжың емес. Чемпионның өзі балаларымызға қуаныш сыйлады. Айтқан сөзінде тұрып, бізге келді», – деп балалар үйі оқиғаны растады.

Нурмагомедов қалаға жасырын келген екен, өйткені халықтың шектен тыс назарын қаламапты, деп жазады Patriotkaragandy өңірлік парақшасы. Әйгілі файтер балаларға спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстаныңдар деп ақыл айтқан. Қамқоршысыз қалған балалармен кездесуге Хабибті қарағандылық Александр Корогодов шақырған көрінеді. Жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Александрдың анасы істейтін дүкенге келіп, шоколад сатып алды.

Нурмагомедов Қазақстан туралы талай рет оң пікір айтқан еді. Қазақстандықтардың Мекке мен Медина қалаларына баруға көмектескеніне алғысын білдірген. Хабиб Нурмагомедов — жеңіл салмақ дәрежесінде UFC (Ultimate Fighting Championship — Sputnik Қазақстан) чемпионы. Былтыр қазан айында Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Хабиб ирландық Конор Макгрегорды жеңді. Жекпе-жек ресейліктің жеңісімен ғана емес, соңында болған жаппай төбелеспен көпшіліктің жадында қалды. UFC президенті Дэйн Уайттың айтуынша, 2019 жылы Хабиб пен Конор қайта күш сынасуы мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған