Вакцина алғаннан кейін өзін нашар сезінген 16 жастағы жасөспірімнің жағдайы дәрігерлер бақылауында

zagruzhennoe Жаңалықтар

            Бұған дейін Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында 16 жастағы жасөспірімнің екпе алғаннан кейін өзін нашар сезінгендігі туралы хабарланған болатын. Жағдайға байланысты түсінік берген Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры Гүлшара Мүтиеваның айтуынша, жасөспірімге жан-жақты медициналық көмек көрсетілген.

«Жергілікті медқызметкер ауданнан терапевт дәрігер шақыртқан. Қыз бала аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Науқаста құрысу белгілері байқалмады, аяқ-қолы  аздап тартылған.  24 қаңтарда жасөспірім санитарлық авиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді,  компьютерлік томография жасалды. Ешқандай бұзушылық байқалмады.  Жасөспірімнің жағдайы қауіпті емес. Бұл отбасында эпилепсиямен ауыратын  5 сынып оқушысы бар екен. Екпені қабылдауға осы жағдай да әсер етуі мүмкін. Ал, екпеден кейін неге өзін нашар сезінгенін мамандар анықтайды. Екпеден қорыққаны,  қобалжығаны да әсер етуі мүмкін. Менің педиатр ретінде 20 жылдық жұмыс өтілім бар,  бірақ дифтерияға қарсы екпенің жағымсыз әсерін кездестірмедім» деді спикер Гүлшара Мүтиева.

загруженное

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша,  Құрманғазы ауданында аталған екпе өткен жылдың қазан айынан бері салынып жатыр. Ауданға 800 доза екпе жеткізілген. Бүгінге дейін 220 жасөспірімге екпе салынған. Олардың ешқайсының денсаулығында асқыну  байқалмады. Облыс бойынша осы сериядағы вакцинаның 30800 дозасы алынған. Екпе дифтерия мен сіреспеге  қарсы жоспарлы вакцина салу үшін және бала кездегі иммунитетті белсендендіріп, ұзартуға арналған.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Фото – aktobenews.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз