Жаңалықтар

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 100 күн қалды

Осыған байланысты 31 мамырда Астана қаласында салтанатты шара өтеді.

Іс-шараға ұлттық спорт түрлерінің өкілдері, жаттықтырушылар, еріктілер мен қала тұрғындары қатысады.
Ұлттық спорт түрлерін насихаттау және қала тұрғындарын алдағы көшпенділер ойындарымен таныстыру мақсатындағы жиынға меймандар үшін ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары өтеді:
• Тоғызқұмалақ және дәстүрлі садақ атудан шеберлік сабағы;
• Қазақ күресінен ашық жаттығу;
• Арқан тарту, асық ату, ләңгі ойындары;
• Көшпелілер тақырыбы бойынша сұрақ-жауап ойыны.
Аталған шараны еліміздің Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, республика Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы ұйымдастырады.
Айта кету керек, іс-шара Бәйтерек монументінің жанындағы алаңда сағат 17.00-де болады.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button