Ұрпақтарға жасалатын ұлық күн
Атыраудағы «Достық» үйінде өткен шара осыны айғақтағандай әсер қалдырды.
,,Светоч-Атырау» славян этномәдени бірлестігі, орыс, славян және казак бірлестіктерінің қауымдастығының, сондай-ақ ,,Вершина» мәдени-демалыс орталығы бірлесіп ұйымдастырған тағылымды шара ,,Жеңіс ұрпақтармен өмір сүреді» деп аталды. Оның шымылдығы ,,Зеркало» атты миниатюра театрының соғыс пен жеңісті, бейбітшілікті бейнелеген әдеби-музыкалық композициямен ашылды.
Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесіне орай бас қосқан облыстағы этномәдени орталықтарының өкілдері мен сазды бағдарламаға қатысушы өнерпаздарды ,,Светоч-Атырау» ЭМО төрайымы Райса Биткова, ,,Былина» орыс, славян және казак бірлестігінің төрағасы Владимир Заверткин құттықтады. Олар өз кезегінде жиылған жұртшылыққа жылы лебіздерін арнай отырып, бізге бейбіт күнді сыйлаған батырлар ұрпақтары мен Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып, аталар ерлігін жалғастырған азаматтардың бір тобын Алғыс хаттармен марапаттады.
Шараның екінші бөлімі әскери жылдар әндері мен әуендері шырқалған мерекелік концертке ұласты.
Даулетқали Аруев