Атакүлдікке ат басын бұрғанда

парламент депутаттары – ел ішінде3 Жаңалықтар

Дүйсенбі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Майра Айсина мен Бақытгүл Хаменова Исатай ауданында болып, тұрғындармен кездесті.

%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%bb%d0%b0%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d1%82-%d0%b4%d0%b5%d0%bf%d1%83%d1%82%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%b5%d0%bb-%d1%96%d1%88%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b53

Алдымен Х.Ерғалиев ауылындағы Новобогат орта мектебінде өткен жиында депутат Майра Арапқызы қазір электронды пошта немесе сайт арқылы да ұсыныс-пікірлер қабылданатынын, қазіргі технологияның дамуы Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге мол мүмкіндік туғызып отырғанын сөз қылды. Ал, әріптесі Бақытгүл Қайыржанқызы халықтың түйткілді әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған мемлекеттік  «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларын түсіндіріп өтті.

Жиында ұсыныс-пікірлер тыңдалып, тиісінше жауаптар берілді.

Бұдан кейін қонақтар С.Балғымбаев кен орнындағы мұнайды дайындау және айдау цехында мұнайшылармен кездесті. «Нұр-шуақ» бөбекжай-балабақшасында болып, балабақша ұжымының жұмысымен танысты.

Тұщықұдық ауылының тұрғыны, зейнеткер Амангелді Салахов биылдан бастап енгізілген уақытша тіркелу ауыл тұрғындарына, Атырау қаласында білім алып жатқан студенттерге қалай әсер ететіндігін сұрады.

Бұған Майра Айсина: – Кез келген мекен-жайы ауыспаған, өз үйінде тұрып жатқан адамдар үшін уақытша тіркелуге ешқандай қажеттілік жоқ. Бұл заң бірнеше үйді жалға беріп отырған азаматтардың салықтан жалтаруына жол бермеу және басқа қалаларға бара қалған жағдайда азаматтарға медициналық және басқа да көмектердің қолжетімді болуы үшін шығарылған. Ал, студенттерді тіркеуді білім ордасының басшылығы ұйымдастырады, – деп нақты жауап берді.

Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, зейнеткер Сергей Нығметжанов аудан өндірісі дамыған өңір бола тұра, әлі күнге кәсіптік-техникалық мамандар даярлайтын оқу орнының жоқтығын, жергілікті атқарушы орган бұл жөнінде мәселенің қаржыға байланысты шешілмей жүргенін, жалпы жер телімі, оқу орны ғимаратының жобалау-сметалық құжаттары дайын тұрғанын алға тартты. «Осындай білім ордасының ауданға қажеттілігін ескере отырып, бұл істің оң шешілуіне ықпал ете аласыздар ма? Мамандарды жұмысқа қабылдауда кез келген жұмыс беруші ке-мінде үш жыл еңбек өтілін сұрайды, бұл өз кезегінде оқуын жаңа бітірген жас мамандардың жұмысқа орналасуына қиындық тудырмай ма?» деп сұрады.

– Мемлекет жұмыссыздық мәселесін шешуге, шағын және орта кәсіпті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуды мақсат етіп келеді. Қазір нарық заманында жұмыс берушілердің көбі – жеке кәсіпкерлер. Сондықтан, жастар қол қусырып отырмай, мемлекеттік бағдарламаларға көбірек қатысулары керек. Ол үшін қысқа мерзімді курс оқу керек, болашақта мобильді курстар ұйымдастырылады. Олар ауылдарды аралап жүріп оқытатын болады, – деді депутат Майра Арапқызы.

Нұрболат НҰҒЫМАНОВ,

Исатай ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз