11874973

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз қару құрастырып келген қылмыскерлерді ұстады

Жаңалықтар

Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын жеткізудің заңсыз халықаралық арнасының жолын кесті.

«Заңсыз айналымнан үш «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 тапанша, 1700-ден астам патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды», – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды тұлға министрлікте тіркелген оқ-дәріні ұрлаған.

Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын цех жұмысы тоқтатылды.

2020 жылдың 27 қаңтарында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған