37 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

30 қаңтар күні Төтенше жағдайлар және жол-патрульдік полиция қызметкерлері жолда қалған адамдарды құтқарды. Оқиға Атырау-Астрахан тас жолы бойында, «Манаш» учаскесі тұсында (731 шақырымда) орын алған. Бұл жолы екі  автобуста 37 жолаушы болыпты. Қатты аяздан тоңғандар дереу Исатай ауданының орталығындағы Абай атындағы орта мектебіне жеткізілген. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп, ыстық тағаммен қамтамасыз етіліпті.

 

Анықталғаны, автобустарға жазғы жанармай құйылғандықтан қатып қалған. Жолаушылардың дені Өзбекстан азаматтары. Олар Астраханға бағыт алып бара жатқан екен.

«Құтқару операциясына Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 1 топ бригадасы, жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің 4 жеке құрам, 2 бірлік техникасы және «Қазақавтожол» мемлекеттік мекемесінің 1 бірлік техникасы жұмылдырылды» дейді құтқарушылар.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз