popoprrp

Үндеуге үн қосайық!

Газет және оқырман Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/1 қараша, 2019 жыл. «Атырау» газетіне жазылу жүріп жатыр…

Жуырда белгілі кәсіпкер Төкен Танаұлының өңірдегі бизнес иелеріне арналған Үндеуін оқып, мен де қолдау білдіруді жөн көрдім. Оның үстіне, биыл жылдағы межеден көбірек данаға жаздыруды ұйғардым. Аймақта жүзге тарта іскер әйел болса, солардың қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген отызына осы бастамаға қолдау танытуға шақырдым.

Нұрлы ӘЙТИЕВА,

Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы

***

Облыстық «Атырау» газетінің тұрақты оқырмандарының бірімін. Біраз жылдардан бері кәсіпкерлікпен айналысамын. Ел ағасы Төкен Танаұлының «Атырау» газетіне жазылу жөніндегі Үндеуін толығымен қолдаймын. Өзім де, ағайын-туыстарымның, әріптестерімнің облыстық «Атырау» газетін жаздырып алуына көмек беремін.

Шамар ЕСМУРЗИН,

кәсіпкер, Исатай ауданы

Облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы И.Балмағамбетовке

Мақат аудандық білім бөліміне қарасты оқу орындарының қызметкерлері, ұзтаздары үшін облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газеті рухани азық, айнымас серік болып келеді. Биыл ауданда 600-ге жуық мұғалім «Атырау» газетінің оқырманы болса, келесі жылы 750-ден аса педагог облыстың бас басылымына жазылуды көздеп отыр.

Алмабек АБДОЛОВ,

Мақат аудандық білім бөлімінің басшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған