Жарнама
"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!ЖаңалықтарҚоғам

Үндеуге – қолдау

Atr.kz/25 қазан, 2019 жыл. Газетте («Атырау», №80, 11 қазан, 2019 жыл) жарияланған ел ағасы, кәсіпкермеценат Төкен Танаұлы Жұмағұлов ағамыздың облыс кәсіпкерлерін облыстық «Атырау» газетіне жазылуға шақырған Үндеуін өз басым шын ниетіммен қолдаймын.

Мен бұған дейін де күнделікті рухани азығымыз – мұнайлы аймақтағы қазақ тілінде жарық көретін бірден-бір байырғы мемлекеттік басылымның халық арасында көптеп таралуына жәрдемдесіп, тұрмысы төмен отбасыларға, ардагерлерге жаздырып жүрмін. Міне, келесі жылға да өз еңбек ұжымымның есебінде тұрған 20 зейнеткерді «Атырау» газетіне жаздырып беремін. Басқа әріптестерімді де осы бастамаға қолдау көрсетуге шақырамын.

Әлия БЕКҚОЖИЕВА,

облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button