ЖаңалықтарСаясатҚоғам
БҰЛ – ӘЛЕМДЕ БАР ҮРДІС
Atr.kz/23 наурыз, 2019 жыл. Елордамыздың енді «Нұр-Сұлтан» болып өзгертілгеніне қуанып отырғанын жеткізді Мақат ауданында орналасқан Б.Қанатбаев атындағы мектеп мұғалімі Амангүл ТОҚСАНОВА біздің сайтқа берген сұхбатында
– Біреулер бұған шошына қарайды, бірақ, мұндай үрдіс әлемдік тәжірибеде бұрыннан бар, – дейді ол. – Елбасы есімін ұлығылау арқылы біз өткенімізге бас иеміз, кешегі күнге ризашылық білдіреміз деп ойлаймын.
- Мойындаймын, «Астана» деген атауға әбден бой үйретіп, бауыр баспаған қазақстандық жоқ шығар. Оны қойшы, сырт елдердің өзі «Астана» десе елең ете қалады. Бірақ, өмір бір орында тұрмайды ғой. Қара судың өзі бір жерде жиналып ұзақ тұрса, әуелгі қасиетін жоғалтып иістене бастайды. Міне, дәл сол сияқты, қоғам да жаңарып, сын сүзгісінен өтіп тұруы тиіс деп санаймын.