«ҚАЗТРАНСОЙЛ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАБЫСЫ ҚАНДАЙ?

«ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылдың 9 айындағы өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің қорытындылары туралы хабарлады.
Аталмыш ұйымның баспасөз қызметінің хабарлағанындай, «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобы бойынша шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 49 млн. 271 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы межеден 3% және 2012 жылдың 9 айындағы нәтижеден 1% жоғары.

Шоғырландырылған мұнай айналымы 34 млрд. 107 млн. тонна-шақырымды құрады, бұл жоспарлы межеден 11% және 2012 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 9% жоғары.
Есеп беру кезеңі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахан – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 17 млн. 840 мың текше метр болды, бұл жоспарлы межеден 14,5% және 2012 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 2,2% жоғары.
Есеп беру кезеңі бойынша негізгі қызметтен түскен табыс 141 млрд. 482 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 12% және 2012 жылғы осындай кезең көрсеткішінен 37% жоғары. Бұл орайда таза пайда 52 млрд. 339 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 42% жоғары көрсеткіш, 2012 жылдың 9 айының қорытындыларынан 128%-ға жоғары.
«ҚазТрансОйл» АҚ есеп саясатына сәйкес 2013 жылдың 31 шілдедегі күйіне сай «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының негізгі құрал-жабдықтарын қайта бағалауы өткізілді. Қайта бағалаудың алдын ала қорытындылары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ тобы активтерінің теңгерімдік құндылығы 407 млрд. 978 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың 31 желтоқсандағы нақты көрсеткішінен 12% жоғары.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз