Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Ұлықбек Әбілқайыр, Ермек Амангелді, Серікболсын Шынтас ДЗЮДОДАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ (+ВИДЕО)

Atr.kz/4-наурыз, 2019 жыл. Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде өтіп жатқан дзюдодан 1999-2000 жылы туған жастар арасындағы  Қазақстан Республикасының чемпионаты атыраулықтар үшін табысты болып тұр.

https://www.youtube.com/watch?v=9qcgomALZC4

Жарыстың алғашқы күнінде қыздар 44, 48, 52 келі, ал, ұлдар 55, 60 келі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтаса, екінші күні қыздар 57, 63, 70 келі, ал, ұлдар  66, 73, 81 келі салмақ дәрежесінде бақтарын сынады. Алғашқы екі күн атыраулық спортшылар үшін табысты болып, әр кездесулерінде жасындай жарқылдаған саңлақтарымыз  Ұлықбек Әбілқайыр (55 келі), Ермек Амангелді (66 келі), Серікболсын Шынтас (81 келі) ел чемпионы атанды.

Ал, жарыс жолында алты кездесу өткізіп ақтық сында жамбылдық Болат Біләлмен болған бәсекеде ғана есе жіберген Абдусамат Бақыт (60 келі) күмісті еншіледі. Сондай-ақ, дода барысында жақсы ойын өрнегін көрсеткен Қамария Әміралиева (44 келі) мен Бауыржан Қасым (73 келі) қола медальді қанжығаларына байлады.

Жарыстың үшінші күнінде татами төрінде қыздар 78, +78  келі, ал ұлдар  90,100, +100 келі салмақ дәрежесінде күрессе, төртінші күні аралас командалық бәсекелер өтетін болады. Осы жарыс нәтижесінде жүлдеге ілінген барлық спортшылар Қазақстан ұлттық жастар құрамасына кіріп, олар халықаралық турнирлер мен Азия, Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады.

Еске сала кетелік, чемпионат аясында Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Сәдуақас Бекарыс «ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» куәлігімен және оның бірінші бапкері Азамат Балпухов «ҚР Еңбегін сіңірген жаттықтырушы» куәліктерімен марапатталды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button