Атырауда Ресеймен шекаралас ауыл халқы үшін пойыз жүре бастады

20130511094359 Жаңалықтар

Атырау облысында Ресеймен шекаралас ауылдардың тұрғындары облыс орталығына пойызбен келуге мүмкіндік алды.

20130511094359

Шекара маңындағы 4 ауылдың тұрғындары облыс орталығына келу үшін бұрын біраз әуреге түсетін. Аймақ басшылығының араласуымен бұл мәселе шешімін тауып отыр. Атырау-Астрахан пойызына 2 тіркеме вагон қосылып берілді.

«Бұрын облыс орталығына жету өте қиын болатын. Мына жерде Шортанбай, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Қиғаш елдімекендері бар. Бәріміз қалаға таксимен қатынайтынбыз. Қазір бәрі оңайлады. Осы жерден билет сатып алып, пойызбен жетіп қалатын болдық. Аймақ басшылығына рахмет!», – дейді Дина Нұрпейісова аулының тұрғыны Әлімғали Исмайылов.

photo_31155

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз