Халыққа қызмет қолжетімді бола түсті

img 20220801 wa0003 Қоғам

Атыраулық ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтер қолжетімді бола түсті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметтері, соның ішінде жер учаскелерін рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. 

Енді бұл қызметтер Қазақстандағы барлық ХҚКО-ларда көрсетілетін болады. Азаматтар өздерінің барлық өтінішін бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін бэк-офистермен тығыз байланыста болмауы жаңалық болып отыр. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап жер учаскесіне акті дайындауға дейін құжаттарды рәсімдеудің толық циклін көрсетеді.

Жерді рәсімдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер – жер жобаларын жасау, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу, жер учаскелерін көлденең және биіктікте түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, аэрофототүсірілім жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және т.б.

Бүгінде Қазақстанда жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 253 ХҚКО-да алуға болады.

Қолжетімді коммерциялық қызмет көрсететін ХҚКО-лардың толық тізімі gov4c.kz. ресми сайтында жарияланған.

Атырау облысында коммерциялық қызметтер көрсетілетін ХҚКО-лар мынадай мекенжайлар бойынша қолжетімді.

1Отдел № 1 города Атырау  г. Атырау, ул.  Абылхайыр хана, 66
2Отдел № 2 города Атырау  г.Атырау, ул.Баймуханова 16 А
3Отдел № 3 города Атырау  г.Атырау, пр.Азаттык 96 б
4Отдел Жылыойского районаг.Кульсары, ул.У.Махамбетова 19
5Отдел Курмангазинского района  с.Ганюшкино, ул. М.Гилаева, 19
6Отдел  Кызылкогинского района с.Миялы ул.Абай Кунанбаев, зд.1
7Отдел Исатайского района  Исатайский район, ул. Е.Есжанұлы  дом 25
8Отдел  Индерского районап.Индер-Бор, ул.Мендигалиева 30
9Отдел Макатского района п.Макат, ул.С.Мукашева 36
10Отдел Махамбетского района с.Махамбет, ул.50 лет Победы, 9 а
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз