«Ұлы Отан соғысының ардагерлері біздің қамқорлығымызды күн сайын сезінуі тиіс»
Atr.kz/18 қараша, 2019 жыл. Бұл туралы Атрау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аппараттық кеңесте атап өтті.
Аппараттық кеңес кезінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселесін көтерді. Өңір басшысы атап айтқандай, Ұлы Жеңіс мейрамы тек мерекелік шаралармен шектелмеуі тиіс.
— 9 мамырға қазірден бастап күн сайын, ыждағатпен дайындалу қажет. Мәселен, маған Телеграмм чат-каналына қала тұрғындарынан түрлі өтініштер түсіп жатады. Айталық, таяуда бір жергілікті тұрғын Жеңіс саябағында орнатылған ескерткіш тақталардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың аты-жөндеріндегі қателерді түзетуді ұсынды: Кеңес Одағының батыры Канцева деп көрсетілген, Канцев деп түзету қажет. Бірінші орынбасарым Серік Шапкеновке осы мәселемен айналысуды тапсырамын, — деп тапсырма берді Нұрлан Ноғаев.
— Бұдан бөлек, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері күн сайын біздің қамқорлығымызды сезінуі тиіс. Облыста Ұлы Отан соғысының майдандарында шайқасқандардан небары 11 адам қалыпты. Өкінішке орай, олардың қатары жыл сайын сиреп келеді. Біздің оларға деген алғысымыз тек 9 мамырмен шектелмеуі керек. Бейбіт өмірді қамтамасыз еткен батырларымызға деген біздің алғысымыз сол – оларды ұдайы қамқорлап, қолдауымыз қажет.
Кеңестің қорытындысымен құзырлы органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі