Жарнама
Жаңалықтар

Ұлттық Ұлан сарбаздары аналарын құттықтады

Атырау қаласындағы Ұлттық Ұланның әскери бөлімінде қызмет атқарып жүрген сарбаздар бүгінгі Аналар күніне орай өздерінің аналарын ерекше ықыласпен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, атаулы күнге байланысты әскери бөлімде сарбаздарға телефон арқылы аналарына хабарласып, құттықтау айтуға мүмкіндік берілді. Бұл сәт жауынгерлер үшін аса маңызды әрі толқынысқа толы болды – олар аналарымен сөйлесіп, жүрекжарды тілектерін айтып, шексіз алғыстарын білдірді.

00354955 912b 445e 9e6b 38d4614423d0

Солардың бірі – қатардағы жауынгер Әділ Ниғметулла өз анасына деген алғысын ерекше әсермен жеткізді.

— Анам – менің өмірдегі ең басты тірегім. Әрбір жетістігімнің артында оның ақ тілегі мен маған деген сенімі жатыр. Қызмет барысында рухани күш беретін де — анамның үміті мен батасы. Осы мерекеде барлық анаға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Аналардың әрдайым жүзі жарқын, жүрегі тыныш болсын, – деді ол.

Мұндай ізгі іс-шаралар сарбаздардың рухын көтеріп, отбасылық құндылықтарды бағалауға жол ашады.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button