Жарнама
Жаңалықтар

Ұлттық құндылық – ұрпақ тәрбиесінің өзегі

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы мен рухани мәдениеті – ұлттың басты құндылығы. Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақ бойына сіңіру – болашаққа бағытталған маңызды қадам.

Осы орайда жалпы білім беретін Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепте «Ұлттық құндылықтарға бағытталған функционалдық сауаттылық: білім мен тәрбие негізі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Мектеп директоры Әділбек Өмірзақов қатысушы әріптестерге сәттілік тілей отырып, қазір білім ордасында жүзеге асып жатқан жобаларды таныстырып, ұлттық құндылықтарға бағытталған функционалдық сауаттылықтың оқу-тәрбие үдерісінде алатын орнына ерекше тоқталды. Семинар жұмысына №33 Қ.Қайсенов, №35 Х.Ерғалиев атындағы мектеп-гимназиясы, №28, №43, М.Өтемісов, Еркінқала орта мектептерінің ұстаздары қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Жиын барысында ұлттық құндылықтарға негізделген ашық сабақтар, сыныптан тыс танымдық іс-шаралар өтіп, білім берудегі тың тәсілдер мен тиімді әдістемелер ұсынылды.

Қатысушылар өзара кері байланыс орнатып, алған әсерлерімен бөлісті. Іс-тәжірибесімен белсене бөліскен Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің мұғалімдеріне Атырау қалалық білім бөлімінің Алғыс хаттары табысталды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button