Жарнама
Жаңалықтар

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті қазақстандықтарға Үндеу жариялады (+ВИДЕО)

Atr.kz/14 қаңтар, 2020 жыл. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің YouTube арнасында терроризмнің алдын алу туралы видео пайда болды.

«Сіздің қырағылығыңыз лаңкестік шабуылдың алдын алуы мүмкін» деп аталатын ролик Қазақстан Республикасының азаматтарын сақ болып, күдікті адамдар мен әртүрлі күдік тудыратын іс-әрекеттерді байқауға шақырады.

Сондай-ақ, барлау қызметкерлері азаматтарға күдікті тудырған заттар, адамдар мен құбылыстар туралы құзырлы органдарға жедел хабарлау маңызды екенін ескертеді. Ролик кадрларында адамдардың қырағылық танытатын бірнеше жағдай көрсетілген.

Мысалы, сауда орталығында қалдырылған сөмке, канистрмен автьобусқа кірген ер адам немесе полиция қызметкерлерін аңдып жүрген капюшон киген күдікті адам қауіпті болуы мүмкін. ҰҚК қызметкерлері сақ болуға шақырады. Авторлардың айтуынша, адамның қырағылығы терактінің алдын алуы мүмкін.

Дереккөз: «Жас қазақ.кз»

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-mamandar-ata-analardan-balalaryn-%D2%9Barausyz-%D2%9Baldyrmaudy-s%D2%B1rady/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button