
Ұлттық мұра мен рухты тоғыстырған думан

Қасиетті Атырау даласын дүбірге бөлеп, ел назарын өзіне аударған “Атырау Этно Fest” фестивалі салтанатты гала-концертпен өз мәресіне жетті.
Ашық аспан астында өткен бұл іс-шара Атырау қаласы мен аудандарынан келген өнерпаздардың рух пен жігерге толы өнерімен әрленіп, көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады.

Гала-концерт барысында сахнада еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарындылар өнер көрсетіп, ұлттық өнердің шынайы шеберлігін паш етті.

Фестиваль аясында тігілген ақ шаңқан киіз үйлер – этноауылдың басты шежіресіне айналды.

Мақат, Қызылқоға және Жылыой аудандарының киіз үйлері ерекше дайындықпен көзге түсіп, «Үздік киіз үй» атанды.

Қалған қатысушылар да ерекше ықыласпен марапатталып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

“Атырау Этно Fest” – өткеннің аманатын бүгінге жеткізген, болашаққа бағдар болған рухани думан. Бұл фестиваль халқымыздың бай мәдениетін, салт-дәстүрі мен ұлттық өнерін қайта тірілтіп, ұрпақ санасына сіңіруде маңызды рөл атқарды.
Тоғжан ЕРМЕК
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ