Dombyira

Домбыраның күмбірі – онкологиялық ауруларға ем

Жаңалықтар Медицина Мәдениет Рухани жаңғыру Қоғам Ұлы даланың жеті қыры

Термеші-жыршы Ордабай Сандыбайұлын 90-шы жылдардың басындағы түсініксіз аян мен аяқ асты жабысқан сырқат өзгертті. Сөйтіп, аян арқылы қайырымдылық негіздегі рухани-саналық сауықтыру бағдарламасын жасап шығарады. «Болған іске өкінішім жоқ» дейді 70-тен асқан ақсақал. Халықты құрантерапия, музыкотерапия, фитотерапия, фототерапиямен емдеп жүрген рухани шипагердің арманы – Құрманғазы күйлерін, Абайдың әндерін, Кердері Әбубәкірдің термелерін әлемдік музыка терапия деңгейіне көтеру.

Домбыра

Рухани өнер

Ол Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы Доңызтау үстіртінде, сиыршының отбасында дүниеге келеді.  Доңызтау сынақ алаңына айнала бастаған 1959 жылы  халықты Оймауыт деген жерге көшіріпті. Аталған өңір – өнер дарыған, халық театрын өркендеткен жер. Ел аузында «Доңызтау мен Оймауыттың итіне дейін домбыра тартады» деген сөз бар. Кейіпкеріміз де кішкентайынан өнерден құралақан болған жоқ. Бесінші сыныптан бастап көркемөнерпаздар құрамында домбыра тартып жүрді.  Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жаратылыстану факультетінде оқып жүргенінде де өнерден қол үзбеді. Мұхаммед Елемесов ұстазының жетекшілігімен оркестрде өнер көрсетіп, бүкілодақтық жарыстарға: 1968 жылы Бердянск қаласында өткен (Украина), 1969 жылы Москвада өткен фестивалдарға қатысты.

Маңдайалды өнерпаздардың облыстарды аралап, малшыларға, егіншілерге өнер көрсеткен кездері де болды. Алматыдан үйренген білімін кейін Темір совхоз-техникумындағы өнерпаздарға үйретіп, оркестр ұйымдастырды. Одан кейін аудандық мәдениет үйін басқарды. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне халықтық ән-жыр студиясын ашуға шақырып, термешілерді дайындай бастады.  Термелерді үйрену үшін магнитофонын арқалап, Қарақалпақстанға төрт рет экспедиция жасады. Наурызбек, Өсербай, Қожахмет, Жолжан, Таған деген термешілерді магнитофонға жазып алды.

Алғашқы аян

Қ.Жұбанов университетінде қызмет етіп жүргенде бірнеше рет «мемлекеттік жұмысты таста, қайырымдылыққа көш» деген аян алады. Басында түсінбейді. Одан ауру жамалды. Бес жыл ауырып жүрсе де жұмысын тастаған жоқ. Ең аяғында шырпыдай болып қалды. Бүкіл ағайындары «алысқа бармайды» деп ойлайды. Сол кезде Түркістандағы Арыстанбаб кесенесіне барып, мешітіне сәждеге жығылған уақытта ақыл-ойы, санасы басқа бағдарламаға ауысқандай болды. Елге қайтып келіп, жұмыстан кетуге арыз жазды. Ол уақытта Алланың жолына түскен адамдарды тазасын айту керек, «жынданып кетіпті» дейді. Халық «Ордабайды жын ұрыпты», «Ордабайдың ішіне жын кіріп кетіпті» деп дүр ете қалады. Ол сөздерге мән бермей, аян арқылы алты-жеті жыл өзін-өзі тәрбиеледі. Жыл бойы ораза ұстады, түні бойы намаз оқыды.

Музыкотерапия – онкологиялық ауруға шипа

Ұлттық домбыра күніне орай Абат деген жергілікті домбыра шеберіне өтініш жасайды. Сөйтіп, ғарыштық өлшеммен жасалған, үлкендерге, балаларға арнап, нұсқасы еш жерде жоқ, ерекше домбыра жасады. Себебі, аспаптың эскизі аян арқылы келген еді. Аталған домбыралардың бірнеше түрі бар. Бұлардың ерекшелігі – бетіне лак жағылмауы, жасалатын ағаштардың рухани үндестігін ескеру. Домбыра бетіндегі тесік «То-hә» әрпімен тесіліп, сабының басына «Йә-син» әрпі таңбаланып, «Ұлы сана» желісіне қосылады. Ішектері қойдың, ешкінің ішегінен, ішіне 2 тал айғырдың құйрық қылы өткізіліп, жасалған. Иірілген ішектер 6 күн түйе сүтінде мұздатқышта тұрады. Домбыра-дауа неше түрлі музыка аспаптарының үнін береді. Қобыз үні тұрақты қосылып отырады.

Санкт-Петербургте үш ай онкологиялық хосписінде жұмыс істегенде, осы домбырамен ән айтқан.  Сонда ажалын күтіп отырған 12 науқас үйіне сауығып оралыпты. Бұл – хоспистің тарихында болмаған оқиға. Музыкотерапиямен депрессияға түскен, қиналып жүрген адамдарға да көмектесуге болады. Әрі бұл терапияға жындар әлемі араласа алмайтын көрінеді. Музыкотерапияны бастағанда аудитория «Ұлы сана» желісіне қосылады. Мысалы, «Йә-Сиииин» – рухқа, «То-Сиииин» – жан дүниеге, «То-Сиииин-Миииим» – тәнге, шипа – Алладан екенін айтады ол. Құранның әріптері айтылғанда жындар қатып қалады екен. Яғни, Алла тағала қазақтың домбырасы арқылы Құранды насихаттауға аян берген. Әлемнің ешбір музыканттары өздерінің музыкалық аспабымен мұндай биікке көтеріле алмайды. Бұл – тек қазаққа ғана бұйырған бақ.

             Гүлсаян ЫБЫРАЙ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған