Жарнама
Жаңалықтар

Ұландықтар көшет отырғызды

«Наурызнама» онкүндігінің алтыншы күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Атырау қаласындағы 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жаппай көгалдандыру акциясын өткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

5d6862b7 d490 4649 b90c 8bc642aef1cd

Бұл іс-шара тек экологияны жақсартуға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар табиғатпен үйлесімді өмір сүруді дәріптейтін Наурыз дәстүріне деген құрметтің белгісі.

dbc3213d b587 47e4 9636 606ef4aecd80

«Наурыз – бұл тек көктем мерекесі емес, сондай-ақ игі істер мен болашаққа қамқорлық жасаудың символы. Біз бұл акцияға үлкен ықыласпен қатыстық және отырғызылған көшеттер келешек ұрпаққа игілік әкеледі деп сенеміз», – деді әскери бөлім командирі, полковник Ерлан Ипатов.

7cec9530 8f89 48ff aa4a f7df3d03c16b

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы табиғатты қорғауға және қоғамдық құндылықтарды нығайтуға үлес қоса отырып, экологиялық бастамаларға тұрақты түрде қатысып келеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button