![”Үйімізде отырып дауыс бердік” 1 img 20241006 wa0201 3](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/10/img-20241006-wa0201-3-780x470.jpg)
Жаңалықтар
”Үйімізде отырып дауыс бердік”
Облыс орталығындағы N38 учаскеге тіркелген төрт тұрғыннан үйден дауыс беруге өтініш түсіп, учаскеге жауапты тұлғалар бюллетень жәшіктерін алып Дильбар Гасанова, Ирина Глухова мен Роза Зуеноктардың дауыс берулеріне мүмкіндік жасалды.
![”Үйімізде отырып дауыс бердік” 2 img 20241006 wa0203 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/10/img-20241006-wa0203-1.jpg)
Өйткені, олардың жастары үлкейгендіктен, енді бірінің құлағында, бірінің жанарында, енді бірінің тірек-қимыл қозғалыс мүшелерінде мүкіс болғандықтан, өзге сайлаушылар секілді еркін дауыс бере алмайтыны белгілі.
![”Үйімізде отырып дауыс бердік” 3 img 20241006 wa0202 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/10/img-20241006-wa0202-1-768x1024.jpg)
“Осыған орай, жылжымалы жәшіктермен комиссиясының мүшелері үй-үйді аралап, заң талабы бойынша біздерге қызмет көрсетті. Қамкөңіл жандардың құқықтары қорғалып, сайлауға қатысуға қолайлы жағдай жасалды», — дейді Дильбар Гасанова.
Рита ӨТЕУҒАЛИ