
Жаңалықтар
ҮЕҰ-дың есептерін қабылдау мерзімі ұзартылды
Үкіметтік емес ұйымдардың есептілігін қабылдау биыл 1 қаңтардан бастап infonpo.gov.kz-тен жаңа «Еsep.govtec.kz» цифрлық платформасына автоматты түрде бағытталумен жүзеге асырылуда.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ел аумағында қызмет атқаратын коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсынады.
Сонымен қатар, жаңа порталдағы эксплуатациялық жұмыстар себебінен орын алған техникалық ақауларға байланысты биыл 13 қаңтар мен 18 ақпан аралығында «ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді қабылдау уақытша тоқтатылды.
Осыған орай техникалық ақаулар мен ақпараттық жүйедегі қателіктер актісі негізінде есептілік мерзімі 2025 жылдың 21 сәуіріне дейін ұзартылды.