ЖАС МАМАНДАР – ӨНДІРІСКЕ!

Атырау мұнай және газ институтын бітіруші түлектерге диплом табыстауға арналған кеш өтті. Жиынның беташары Атырау мұнай және газ институтының ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Әли Әжімұлының кіріспе  сөзімен ашылды.

 

Биылғы оқу жылында іргелі білім ошағын 876 түлек бітіріп отыр. Олардың 30-ы оқу үздіктері екен. Сонымен қатар, осы қолдарына диплом алушы жастардың арасында халықаралық, республикалық конференциялар мен семинарлардың, ғылыми жобалардың жүлдегерлері де аз емес.

Одан кейін сөз алған Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан да институтты  бітіруші түлектерді құттықтап, үздік бітірген студенттерге диплом тапсырды, облыстың мәдени-қоғамдық өміріне атсалысқан жастарды облыс әкімшілігі атынан Алғыс хатпен марапаттады. Кешке Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев та қатысып, үздік бағамен оқыған шәкірттерге диплом тапсырды.

 Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз