Санжар Мәдиев Сарайшық шаһары туралы көркем фильм түсіргісі келеді (ФОТО)

IMG 2858 04 09 17 14 02 Жаңалықтар

Тамыз айының соңғы күндері Атырауда Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Sarayşiq. Upgrade 2017» халықаралық жастар форумы өткенін жазған болатынбыз. Оған кинематография, экология, медицина салаларының белгілі тұлғалары қатысты.

IMG_2858-04-09-17-14-02

Форум жұмысына қатысқан 150 делегаттың қатарында жас режиссерлер, операторлар, дəрігерлер, экологтар, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, жас таланттар, студенттер мен Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мен Ресейдің шекаралас облыстарының белсенді жастары болды. Олар форумда өзіндік ойларын білдіріп, «Қазақстанның киелі жерлер географиясына» енген Сарайшық қалашығына саяхат жасады.

IMG_2860-04-09-17-14-02

Сапар аясында актер Санжар Мəдиев: «Сарайшық қалашығы жеті бірдей ханымыздың мəңгілік мекені, кинематографтар үшін өте қызықты орын. Мен осы жердің тарихы туралы көркем фильм түсірудің бастамашысы болар едім», – деп тың идея тастады.

IMG_2861-04-09-17-14-02

Шара аясында жастар экология, медицина жəне киноиндустрия салаларының белгілі тұлғаларымен ашық алаңда ой бөлісіп, өз кеңістіктерін ашып, жастық жігерлерін көрсетуге мүмкіндік беретін əлеуетті тапсырыс берушілер мен инвесторлармен кездесті.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз