Тұрсынбек Қабатов мектепті алтын белгімен бітірген қызының орнына тест тапсыруға басқа адамды кіргізген болуы мүмкін
Тұрсынбек Қабатов ҰБТ-ға қызының орнына басқа адамды кіргізген болуы мүмкін. Бұл туралы белгілі заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
“13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге ЕҰУ-дың 2-курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан. Алдында Тұрсынбектің қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып, төмен балл (60 балға жетпеген) жинаған. Қызы Астанадағы ең үздік деп танылған мектепті Алтын белгіге бітірген. Тестілеуге кіру барысында барлық тестіленушілер, Тұрсынбектің қызының орнына басқа тұлғаның жалған құжатпен кіргеніне куә болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, алайда Тұрсынбектің қызы құтылып кетеді деп отырмыз. Өйткені жалған құжатты дайындаған адамды ғана кінәлі деп танып отыр”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, кеше мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланған болатын.