Атырауда бес шақырымдық қысқы марафон өтті (+ФОТО)

20200126 105556 scaled Жаңалықтар

Atr.kz/29 қаңтар, 2020 жыл. Өткен аптада Атырауда  «Ice Rise – 2020» қысқы марафоны болып өтті. Екінші рет өкізіліп тұрған бұл жаппай жүгіріске 400-ге жуық адам қатысты.

Мұздақ суға толы Жайық өзені жағалауын бойлай  жүгірген  марафоншылар орталық көпір маңына жеткен соң,  келген бағытына қарай кері жүгірді. «Ретро саябағының» қақпасы – жүгірушілердің бастау алар және мәреге келер орны болып белгіленіп, бұл қашықтық 5 шақырымды құрады.

Жарыс қорытындысында  қыздар арасында Амина Зинорова мәре сызығын алғашқы болып кесіп өтіп, оның артынан өкшелеп келген Қарлығаш Рахметқалиева – екінші, Лумира Ергешова – үшінші орын иемденді. Ал, ерлер арасында Индер ауданынан келген  Дәуір Жоламановқа тең келер ешкім болмады. Ол, межелі сызықты екінші және үшінші боп аттаған Парасат Құлмұханов пен  Азамат Темірхановтан оқ бойы озық келді.

Мұратбек  ЖАҢАБАЙ

20200126 112632
20200126 112718
20200126 114820
20200126 114134
20200126 112332
20200126 113418
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз