
Тұрмыстық зорлыққа жол жоқ
2025 жылдың 27 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында Атырау қаласында елімізде алғаш рет «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты республикалық акция ұйымдастырылуда. Бұл шараның басты мақсаты – отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасы институтының мызғымас негізін қалыптастыру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
— Акция отбасылық өмірдегі құқықтық тәртіпті нығайтып, отбасы мүшелерінің арасындағы түсіністік пен татулықты арттыруға бағытталған. Акцияның негізгі мақсаты – отбасылық өмірдегі құқықтық тәртіпті нығайту арқылы отбасы мүшелері арасындағы түсіністік пен татулықты арттыру болып табылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес әрбір азаматтың азаматтық борышы екені анық. Осы орайда, құқықтық сауаттылықты жоғарылатып, өз құқығыңды білу және қорғау – біздің ортақ міндетіміз», – деді Атырау қаласы Полиция басқармасының Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Нұргүл Сәрсенова.
Акция аясында 5 отбасы қатысқан сайыс ұйымдастырылып, олардың отбасы құндылықтарын, бірлігін және өзара түсіністігін арттыруға арналған іс-шаралар өткізілді.
Тоғжан ЕРМЕК
Суретті түсірген автор