Жарнама
Жаңалықтар

Тұрғындарға құқықтық ақпараттық кеңес берілді

Былтыр мамыр айынан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде Құқықтық ақпараттық кеңес беру орталығы үш жылдық жоба ретінде жүзеге асырылуда. Негізгі мақсаты — азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында құқықтық кеңес беру қызметін жүргізу.

Бұл туралы «Шаңырақ – 2008» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жанар Ілиясова баспасөз брифингінде мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

–Бүгінде 4 мыңға жуық тұрғынға азаматтық, әкімшілік, еңбек және отбасы, қаржылық, жер, экологиялық, қылмыстық, қылмыстық және азаматтық іс жүргізу құқығы сияқты салалар бойынша қолданыстағы құқықтар, ережелер мен талаптар туралы ақпараттар мен кеңестер берілді. Сонымен қатар мамыр-қазан айларында 11 оқу орнында жастармен кездесу өткізіліп, оған 356 студент қатысты. Бұдан бөлек «Baizaar», «Дина», «Көктем» сауда орындарында, Автоцонда, Отбасы қолдау орталығында, №7, №3 емханаларда қабылдаулар өткізіліп, 68 адамға құқықтық кеңес берілді, — деді Ж.Ілиясова.

Сондай-ақ жоба аясында ажырасудың алдын алу мақсатында психолог кабинеті ашылып, отбасылық мәселе бойынша 510 адам, 239 жұппен жұмыс жүргізілген. Онда ажырасуға арыз берген 217 жұптың 63-і татуласқан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button