Мақсаты айқын елдің болашағы жарқын (+фото)

ANU 0885 Жаңалықтар

Бүгін еліміздің әр өңіріндегі тұрғындар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын бір адамдай тыңдап, өздерінің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылғанына риза болысты. Ірі қалаларды айтпағанда, аудан орталықтары мен алыс-алыс ауылдарда тұратын жандардың бір сәтте теледидар алдына жиналғанын көрген көздер бар. Ал Атырау қаласындағы Құрманғазы мәдениет сарайына жиналған жұртта есеп болмады. Облыстағы әр салаға жауапты тұлғалар мен жетекші мамандар, қатардағы қызметкерлер мен жастар – барлығы тікелей эфирде көрсетілген Елбасы Жолдауын соңына дейін тыңдап қана қоймай, өзара талқыласып жатты.

Елбасы елдің ойындағысын айтты.
Елбасы елдің ойындағысын айтты.

 

"Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді." (Елбасы Жолдауынан)
«Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді.» (Елбасы Жолдауынан)

 

Елбасы Жолдауы атыраулықтардың көңілінен шықты
Елбасы Жолдауы атыраулықтардың көңілінен шықты

 

"Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі." (Жолдаудан үзінді)
«Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі.» (Жолдаудан үзінді)

 

Құрманғазы мәдениет сарайына жиналған елде есеп болмады
Құрманғазы мәдениет сарайына жиналған елде есеп болмады

 

"Экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау керек." (Жолдаудан үзінді)
«Экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау керек.» (Жолдаудан үзінді)

 

Жастар жылынан жақсы жаңалықтар күтеміз
Жастар жылынан жақсы жаңалықтар күтеміз

 

"Жалпы, бизнес пайда табуды ғана емес, сондай-ақ, мемлекетпен бірлесіп азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз етуді де ойлауы керек." (Жолдаудан үзінді)
«Жалпы, бизнес пайда табуды ғана емес, сондай-ақ, мемлекетпен бірлесіп азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз етуді де ойлауы керек.» (Жолдаудан үзінді)

 

Жолдауды ұйып тыңдаған жұртшылық
Жолдауды ұйып тыңдаған жұртшылық

 

"Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты." (Жолдаудан үзінді)
«Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты.» (Жолдаудан үзінді)
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз