COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғам
«Тұрғындарды санитарлық талаптарды орындауға шақырамын»
Atr.kz/23 шілде, 2020 жыл. Атыраулықтарды карантиндік режимді ұстанып, санитарлық талаптарды бұлжытпай орындауға шақырамын.
Сонда ғана қауіпті індетті бірге жеңеміз. Дүние жүзін дүрліктірген бұл ауру біздің елде де осал болып тұрған жоқ. Негізгі себеп бұл жаңағы ауруға қарсы шаралардың жеке адамның сақтамағанынан болуы. Өйткені, біздің қазақтың дәстүрі бойынша той жасау, өлімге бару осылардың барлығы әлі де болса тыйылмай тұр. Сондықтан талаптарды нұсқауларды қатаң сақтауымыз керек.
Көзге көрінбейтін вирустың бар-жоғын ешкімде білмейді. Әрбір адам, әрбір отбасы өзінің күнделікті тұрмысында шараларды қатаң сақтауы керек деп ойлаймын. Сонда ғана біз бұл аурудың бетін қайтарып жеңеміз.
Қосыбек ЫРЗАҒАЛИЕВ,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы