
Жаңалықтар
Тұрғын үй қалашығы мен Авангард көпірінің бір бөлігі жабылады
Өңірде жол жөндеу жұмыстарына байланысты «Тұрғын үй қалашығы-Авангард» көпірінің бір жақ бөлігі 20 маусым сағат 10:00-ден бастап жабылады. Көлік қозғалысы үшін автокөлік жүргізушілеріне бір жолақтан жүру қарастырылған.
Сонымен қатар, ертеңнен бастап “Әуезов” көшесін қайта жаңғырту мақсатында “Оңдасынов-Волгоград” аралығындағы 350 метр аумақ құрылыс монтаждау жұмыстарына орай жабылады.
Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізіледі.
Атырау қаласының әкімдігі