Жарнама
Жаңалықтар

Тұнғыш рет Астанаға барамыз

 25 атыраулық Астана күні мерекесіне қатысады. «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы «Бірлік» бастауыш партия ұйымының қолдауымен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 25 қызметкеріне Елорданы тамашалауға мүмкіндік жасалды.

univerastanaАз қамтылған және көпбалалы отбасыларының мүшелері 3-9 шілде аралығында Астананың мәдени орындарын аралап, Бас қаланың туған күніне қатысады. Мысалы, Айнагүл Мұқанова, жоғары оқу орнының жастар саясаты департаментінің маманы. 3 баласымен университет жатақханасында тұрады. Астанада бұрын-соңды болып көрмеген.

  Биыл тұңғыш рет Астананы балаларыммен бірге тамашалап, тынығып қайтатыныма қатты қуанып тұрмын. Осыған дейін әсем қаламызды тек теледидардан ғана көруші едім. Ұлым Бақтияр екеуміз, әсіресе, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайын аралағымыз келеді» — дейді. Айта кету керек «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы «Бірлік» бастауыш партия ұйымы мұндай игі шараны осымен төртінші рет ұйымдастырып отыр.

Эльмира Тұңғатарова,

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының баспасөз хатшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button