Жарнама
Жаңалықтар

Тұңғыш директор ТҰРСЫНБАЕВ

Гурьев мемлекеттік мұғалімдер институты тарихына қатысты (қазіргі Х . Д осмұхамедов атындағы Атырау университеті) архивтегі әр құжатты ақтара отырып 1940 жылы құрылған оқу орнының тұңғыш директоры туралы тың деректерге қол жеткіздім. Ол 1928-1931 жылдары Алматы мал дәрігерлік техникумының жұмысшы факультетінде, 1931-1932 жылдары Ташкенттің жоспарлау-экономика институтында оқыған, 1937 жылы Мәскеудің Г.Кржижанов атындағы мемлекеттік экономика институтында білім алған – Әбді Бошынұлы Тұрсынбаев.

akkali

Өз қолымен жазған өмірбаян

Алғашқы директор бұған дейін Семей педагогикалық и н с т и т у т ы н д а п р о р е к т о р қызметін атқарған болатын. Атырау, Алматы қалаларындағы архив қорларынан табылған тұңғыш директордың жеке іс-қағаздарында 1940 жылдың 1 шілде күні өз қолымен толтырған өмірбаянында 1909 жылы бұрынғы Сырдария губерниясына (қазіргі Түркістан облысы) қарасты Түркістан қаласында өмірге келгендігі айтылады. Әкесі Бошын және оның әке-шешелері Тартоғай ауылында егіншілікпен айналысқан. Әкесі 18-20 жас аралығында етікші ағасы екеуі жұмыс іздеп Түркістан қаласына келген.

Содан әртүрлі жұмыстарды атқарып, Ақмешіт (Қызылорда) қаласының помещигі Ивановтың қарамағында ұзақ жылдар бойы жәмшік болып жұмыс жасайды. Кейін Түркістан қаласына қоныс аударады. Қаладағы мал сатушылар арасында делдал қызметін де атқарып, 1917 жылы қайтыс болған. Арада бір жыл өткен соң анасы балаларын алып туған-туыстары тұратын Тартоғай ауылына көшіп келіп, егіншілікпен айналысады. 1940 жылдың маусым айынан Қазақстан Орталық партия комитетінің және Қазақ КСР Халық ағарту комиссариатының шешімімен Гурьев мұғалімдер институтының директоры қызметінде екендігін жазады. Өмірбаянында өзі келтіргендей өзбек, татар, неміс, орыс тілдерін білген. Сонымен бірге отбасымен Гурьев қаласындағы Алматы көшесі, №9 үйде тұратындығын назарға береді.

«Саяси сауатты, тәртіпті, бастамашыл…»

Гурьев облысы партия комитеті кадр бөлімінің м е ң г е р у ш і с і б е р г е н қорытындыда былай делінген: «Жолдас Тұрсынбаевтың автобиографиясымен танысып, тексерістен кейін, онымен облыстық партия комитеті тарапынан нұсқаушы Атшыбаев жеке қабылдап, кездесті. Институт директорлығына лайықты». 1940 жылдың 26 маусымдағы Қазақ КСР Халық ағарту комиссариаты тарапынан Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің кадр бөліміне Халық ағарту комиссарының орынбасары Жанақов қол қойған қатынас қағазды алып қарасақ, институттан басқа Семей облысы партия комитеті ұйымдастыру бюросының штаттан тыс лекторы қызметін атқарғаны айтылып, Әбдіні Гурьев мұғалімдер институтының директорлығына тағайындау сұралады. Мінсіз мінездеме Ә.Бошынұлы Қазақстан Орталық партия комитетіне ш а қ ы р ы л ы п , о н ы м е н партия комитеті кадр бөлімінің м е ң г е р у ш і с і В а с и л е н к о әңгімелескен.

Білімі жоғары, басшылық қызметте тәжірибесі бар Әбді Гурьев мұғалімдер институтына директорлық қызметке т ағайында лады. И н с т и т у т д и р е к т о р ы н ы ң институттың құрылу туралы Халық ағарту комиссариатына берген есебінде біріншіден, и н с т и т у т қ а т ү л е к т е р д і қабылдау, екіншіден, кадр мамандармен қамтамасыз ету, үшіншіден, оқу ғимараттарымен қамтамасыз ету және жабдықтау, төртіншіден, оқытушылар мен студенттерді тұрғын үймен және жатақханамен қамтамасыз ету, бесіншіден, студенттерді тамақтандыру мәселелері, алтыншыдан, институтқа құрал-жабдықтар алу және қажетті әдебиеттер алу, жетіншіден, институт базасын отынмен қамтамасыз ету туралы жан-жақты мәліметтер берген.

С о н ы м е н б і р г е а р х и в қорларында сабақтардың сапалы өтуіне ерекше мән берілгендігі туралы мәліметтер де сақталған. 1941 жылдың 25 наурызында облыстық «Социалистік құрылыс» газетінің (қазіргі «Atyraý») сандарында институт дирекциясы тарапынан 1941-42 оқу жылына студенттер қабылдау жөніндегі хабарламалар жарияланған. Қысылтаяң шақ, қызыл әскер…

kkkk

Әбді 1941-1942 жылдары Қазақ КСР Халық ағарту комиссарлар кеңесі жанындағы Жоғары оқу орындары басқарамасы меңгерушісінің орынбасары қызметінде болды. Соғыстың қ ы з ы п т ұ р ғ а н қ ы с ы л т а я ң шағы 1942 жылдың қараша айында қызыл әскер қатарына шақырылып, Түркіменстанның Керки қаласындағы әскери жаяу әскер училищесінің курсанты, офицерлер батальонының резервінде есепте тұрады. Арада екі жылдан соң денсаулығына байланысты әскер қатарынан босатылған. Одан кейін 1944-1945 жылдары Қазақстан Орталық партия комитеті жанындағы партия курсы директорының орынбасары қызметіне келген.

1945 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында Мәскеудегі ко м м у н и с т і к п а р т и я н ы ң Орталық комитеті жанындағы марксизм-ленинизм негіздерін оқытатын және қайта даярлайтын мұғалімдер курсында оқып, Қазақ қыздар педагогикалық институтында «Марксизм-ленинизм» кафедрасының меңгерушілігіне тағайындалады. Бір қызығы, өмірбаянында 1939 жылы Бүкілодақтың коммунистік партия қатарына кандидат болып тіркелгенін, бірақ 1941 жылдың наурыз айынан мүшелік жарнаны жеткілікті төлемегені үшін және өзара сынның қысымымен шығарылғандығын назарға береді. Қызыл әскер қатарында жүрген кезінде партия мүшелігіне кандидатқа, ал 1945 жылдың сәуірінде партия қатарына қабылданады. Туған-туысқандарынан ешкім қуғын-сүргінге түспегендігін жаза отырып, майдан даласында партия мүшесі ағасының ерлікпен қаза тапқандығы айтылады.

«1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі үшін» медалымен марапатталған. Ол 1948-1954 жылдары Алматы заң институтының «Марксизм-ленинизм» кафедрасының меңгерушісі қызметінде болды. 1954 жылы үкіметтің қаулысымен аталған институт жабылып, 1954 жылы докторантураға жіберілген. Докторлық диссертация қорғаған Осылай әр парақ, аталған оқу орнының алғашқы директоры туралы тың ақпарды толықтырып отырады. Мәселен 1955 жылы Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі орынбасары Гаврилов берген анықтамада Ә.Тұрсынбаевтың қызметтік жылдарына тоқтала келіп, 1940-1941 жылдары Гурьев мұғалімдер институтының директоры қызметінде болғандығы жазылған. Сонымен бірге Қазақ мемлекеттік университетінде марксизм-ленинизм» кафедрасы меңгерушілігі лауазымына вакансия бар екендігі назарға берілген. Бұл бос орынға Орталық комитеттің ғылым және мәдениет бөлімі мен С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректораты Ә.Бошынұлының кандидатурасын ұсынған. Аталған кафедра меңгерушісі берген мінездемеде Ә.Тұрсынбаев 1938 жылы Семей мұғалімдер институтында директор орынбасары, кейін Гурьев мұғалімдер институтында қызмет атқаратыны, кафедра басшысы ретінде де талапшыл, кафедра оқытушыларының кәсіптік білімдерін көтеруге көмектесіп отырғандығы айтылады. Педагогикалық қызметімен бірге, ол үлкен ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізгені, ғылыми журналдарда 12 мақаласы жарияланғаны және Қазақстан тарихына қатысты жұмыстары да бар екені назарға алынған.

Олардың ішінде «Қазақстанға шаруалардың қоныс аударуы тарихы», «Жетісудағы ауыл ш а р у а ш ы л ы ғ ы н д а ғ ы ұ л ы өзгерістер», «Қазақстандағы социалистік өзгерістердегі орыс халқының рөлі» атты мақалаларын атап айтуға болады. «Қазақ ССР тарихы» еңбегі авторларының бірі болып табылатын Тұрсынбаев КСРО Ғылым Академиясының докторантурасында болған жыл жарым уақытында докторлық диссертациясын жазып, қорғауға ұсынған. 1957 жылы «Қазақстанда колхоз құрылысының жеңуі» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғайды. Мемлекет тарапынан ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Ал тура он жылдан кейін 1971 жылы «Октябрь р е вол ю ц и я с ы » о рд е н і м е н ұлықталды.

  • «Гурьев облыстық партия комитетінің хатшысы Волков қол қойған мінездемеден: « . . . Т Ұ Р С Ы Н Б А Е В И Н С Т И Т У Т Д И Р Е К Т О Р Ы Б О Л Ы П ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ҚЫСҚА МЕРЗІМ УАҚЫТТА, ЖАҢА ҚҰРЫЛҒАН ИНСТИТУТ ЖҰМЫСЫНДА ӨЗІНІҢ ЖАҚСЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ, ЖҰМЫСҚА ҚАБІЛЕТТІ БАСШЫ ЕКЕНДІГІН КӨРСЕТТІ. САЯСИ САУАТТЫ, ТӘРТІПТІ, БАСТАМАШЫЛ, АНТИПАРТИЯЛЫҚ ЖІКТЕРГЕ ҚОСЫЛМАЙДЫ, ПАРТИЯ ТАРАПЫНАН СӨГІС АЛМАҒАН, СОТТЫ, ТЕРГЕУДЕ БОЛМАҒАН, САЯСИ-ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРГЕ БЕЛСЕНЕ АРАЛАСАДЫ. ДИРЕКТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ АТҚАРА АЛАДЫ».

Түйін:

Тұңғыш директор Ә.Тұрсынбаев 90 жасқа қараған шағында Алматы қаласында дүние салған. Бәлкім бұл айтылған деректерді бәзбіреулер аса маңызды деп таппас, дегенмен аймақтағы білім ордасының қара шаңырағын кім, қандай адам, қалай басқарғаны кім үшін де қызықтырақ. Иә, біз өткенді білмей, болашаққа бағдар жасай алмаймыз. Мақала кейіпкерінің де білім ордасын аяққа тұрғызу үшін сіңірген еңбегі өлшеусіз. Деректерге сүйене отырып, қиын-қыстау заманда қызметін абыроймен атқара білгендігі кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге боларлықтай. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген осы болса керек.

Аққали АХМЕТ,

 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің

профессоры, тарих ғылымдарының докторы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button