«Тума» мал базарында қой саудасы қызып тұр (ФОТО)
Атыраудағы «Тума» мал базарында таңертеңнен бері қой саудасы қызып тұр. Базарға ағылған халықтың да, қою сатушылардың да қарасы қалың мұнда. Тіпті, мал сою цехының алдында ұзын-сонар кезек орын алған.
Алла Тағаланың разылығы үшін құрбандық шалушылардың өте көптігі көңіл қуантады. Дегенмен, «Тума» мал базарында мал сатушыларға арналған орын жетіспегендіктен, қой сатушылар базардың сыртында сауда жасауға мәжбүр екендіктерін айтуда.
Бұл базарда шаруа қожалықтарынан бөлек, жеке адамдар да малдарын саудаға шығаруда. Әсіресе, Индер ауданынан келген кәсіпкерлерді көптеп кездестіруге болады.
– Мен Индер ауданының Өрлік ауылынан келдім. «Бірлік» шаруа қожалығынан келіп тұрмыз. Әкелген қойларымыз халықтың көңілінен шығуда, – дейді біз әңгімеге тартқан индерлік шаруа қожалығының жетекшісі Бақытжан атты ағамыз.
Мұндағы қой бағасы да әр түрлі. Мәселен, тоқтының бағасы 20 мыңнан басталса, 3-4 жасар қойлардың бағасы 70 мыңға дейін барады екен. Бірақ, соған қарамастан мұнда қой саудасы қызып тұр.
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.