«Атырау – Орал» тасжолында жантүршігерлік апат болды

200121011832453e Жаңалықтар

  Atr.kz/21 қаңтар, 2020 жыл.  «Атырау – Орал» тасжолында болған жол апатынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз-қызметі.

Жол-көлік оқиғасы дүйсенбі күні кешкісін «Атырау – Орал» тасжолында, Бейбарыс ауылына жақын маңда болған.

Қатты жылдамдықпен келе жатқан Lada Largus және Нива көліктері соқтығысып, қатты қақтығыстың салдарынан машиналар жолдың шетіне шығып кеткен. Абырой болғанда, көліктің екеуі де аударылмаған, сәйкесінше, жану қаупі де болмаған.

Махамбет аудандық ауруханасының мәліметінше, қос көлікте болған жеті жолаушы түрлі жарақатпен жеткізілген. Оларға тиісті ем-дом мен көмек көрсетіліп жатыр.

Облыстық полиция департаменті толық ақпарат кейін берілетінін жеткізді.

2001210113245290f
http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-zhol-apatynan-%D2%AFsh-adam-k%D3%A9z-zh%D2%B1mdy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз