Туған өлке – тұнған шежіре
Аtr.kz/11 маусым, 2020 жыл. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған дөңгелек үстел осылай аталды. Шараның мақсаты – рухани жаңғыру бағдарламасы аясында туған өлкенің мәдени мұраларын зерттей отырып, оның тарихын терең білу арқылы ұрпақ бойындағы туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, байтақ өлкесін, атамекенін мақтан тұту, шежірелі тарихын дәріптеу.
Жиынды ашқан аталмыш институт директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Маржан Ғалымжанова жас ұрпаққа туған өлкенің шежірелі тарихын оқытудың, жас өрендерді туған жерін сүйетін патриот етіп тәрбиелеудің маңызы мен жолдарына тоқталды.
КЕСЕНЕЛЕР КҮТІМСІЗ
– Тарихи ескерткіштерді сақтау, қорғау жөніндегі м ә с е л е л е р м е м л е к е т т і к дәрежеде қойылуға тиіс. Былтыр белгілі ақын Светқали Нұржанның шақыртуымен Маңғыстау өңірінде болдым. Сол кезде Маңғыстаудағы киелі жерлерді аралап, жер асты мешіттеріне, әулиелердің кесенелеріне тәу етіп, зиярат жасаған болатынбыз. Тау ішіне, үңгірлерге салған мешіттерді көріп, таң-тамаша болдық, — деді алғаш сөз кезегін алған Қ а з а қ с т а н Ж а з у ш ы л а р Одағы Атырау облыстық филиалының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қойшығұл Жылқышиев.
– Б і р а й т а к е т е р л і г і , М а ң ғ ы с т а у д а қ а н ш а м а осындай киелі, әулиелі жерлер болса, оның бәрі де жергілікті тұрғындардың қамқорлығына алынған, ішіне кілем төселіп, айналасы күтіліп, тазалық талаптары қатаң сақталған. Бәрінде дерлік шырақшылары бар, келген адамдарға сол жердің шежіресі мен тарихын хатқа жазғандай зулатып отырады. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін таңдай қағып, тұнып тұрған тарихтан сусындайды. Ыстықта шөлдеп, шаршап келген жандар тап-таза кілем үстінде көз іліп, демалып алады. Ал, біздің Атырау облысында осының ұшқыны да жоқ.
Мына тұрған Индер ауданында Махамбет, Малайсары би, М ұ р а т а қ ы н , Ж и е м б е т жыраулар мәңгілікке дамылдап жатыр. Ал, осындай адамдардың кесенелері күтімсіз, басында ш ы р а қ ш ы л а р ы д а ж о қ . Ж и е м б е т к е б і р б е л г і орнатылмағаны жанымызға батады. Әрі ақын, жырау, қолбасы, бір басында бірнеше қасиеттер жинақталған жан. Сондай-ақ, Индер ауданындағы Мұзқұдықты да қазір ешкім білмейді. Кезінде қатты ыстықта жұртшылық тамақты, ас-суын, қаймақ-майын сонда сақтайтын. Анау Қызылқоғада Сарқуыс деген жерде Ығылман жатыр. О н ы ң д а б а с ы к ү т і м с і з . Өзім осындай адамдардың басына баратын жолдарға белгі орнатуды қолға алғалы отырмын. Өз қаражатыммен.
Б ы л т ы р Р е с е й д е г і Б ө к е й ханның басына бардық. Қирап жатыр, қонақ үйі күтімсіз. Басында бір кейуана бар екен, ол кісінің білетіні де жарытымсыз сияқты. «Қазақ ханы Бөкей» деп жазылған. Бұл да дұрыс емес. Бөкейдің арғы ата-бабасы, тегі дұрыс жазылуы керек емес пе? Жанында Атан ханым мазары тұр. Қазақта әйел адамға «Атан» деп есім қоймайды ғой, біз Әтен ханым шығар деп жобаладық. Біз қазір Бөкейханның жерінде отырмыз. Сондықтан, оған ж о қ ш ы б о л ы п , б е й і т і н е қамқорлық жасағанымыз дұрыс. Ол жерде керемет к ү й ш і С е й т е к т е ж а т ы р . Ғажап композитор, ән ш і Ерғали Аязбаев та сонда, Ресей жерінде. Осындай жан ауыртатын мәселелер көп.
Бүгінгі дөңгелек үстелден қ о р ы т ы н д ы ш ы қ с а е к е н . Айтып-айтып, кетіп қалғаннан ештеңе өнбейді. Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, өлкетанушы Амангелді Шамғонұлы мектеп оқулықтарында кеткен өрескел қателіктерге нақты дәлелдер келтірді. Оқулықтар мәселесіне байланысты Атырау облыстық Ә д і с т е м е л і к о р т а л ы ғ ы д и р е к т о р ы н ы ң м і н д е т і н уақытша атқарушы Орынтай Биманова онлайн байланысқа шақырылды.
ТАРИХ РУХТЫ КӨТЕРЕДІ
Ақын, геология-минерология ғылымдарының докторы, академик Нәсіпқали Сейітов былай деді: – Қазақ – ұлы халық. Бірақ, 300 жылдан астам отарлау саясатының құрбаны болған кезде өткен тарихымызды, шежірелі парақтарымызды с а н а м ы з д а н ө ш і р у г е ә р е к е т т е н г е н с а я с а т т ы ң к е с і р і н е н ө з т і л і м і з д і менсінбейтін, өткенімізді е с к е р м е й т і н д е р д і ң с а н ы көбейді. Ендігі жерде ұлқыздарымызға патриоттық тәрбие бергеніміз дұрыс. Сәби сана не нәрсені болмасын тез қабылдайды.
Осыны ескеріп, туған өлкенің батырлары мен билері, ақын-жыраулары, әулиелері туралы аталы сөзді құлақтарына құя берсек, одан ұтылмаймыз. Өткен жылы «Сарайшық — Сарай Берке» деген экскурсияға қ а т ы с т ы қ . Ә с е р і м і з ө т е керемет болды. Алтынжардағы Құрманғазы кесенесі жақсы с а қ т а л ғ а н . Ө з і м і з д і ң к і м екенімізді тану өткенімізді саралаудан басталады. Сарай Б е р к е – к е р е м е т қ а л а . Орта ғасырларда салынған архитектураның ғажап үлгісі. Біздің ата-бабаларымыздың жеткен мәдениет пен білімнің асқар шыңын осыдан-ақ біле беріңіз! М ы н а ж а т қ а н И н д е р ауданынан 17 ғылым докторы, 28 ғылым кандидаты шыққан. Ендігі жерде қазақы рухты көтеруіміз керек. Рухымызды көтеру үшін тарихты білгеніміз, шежіре парақтарын қалпына келтіруіміз қажет-ақ.
ЗЕРТТЕЛМЕГЕН ТАҚЫРЫП КӨП
М ә с е л е г е б а й л а н ы с т ы әріптесінің пікірін тарих ғылымдарының кандидаты Шахман Нағымов одан әрі жалғады. – Туған өлкенің тарихы – біздің ең бір көкейкесті мәселеміз. Осы орайда , көп жұмыстар жасалғанын жоққа шығармаймыз. Алайда, алдыңғы сөйлеген әріптестер, а қ ы н д а р м е н ғ а л ы м д а р айтқандай, түйткілді мәселелер өте көп. Зерттейтін тұстар да жеткілікті. Осындай мақсатта «Атырау – білім өлкесі» деген кітабымды жазған едім. Аталған жинақта жұртқа беймәлім тұлғалардың тағдыры сөз болады. Ұлы Отан соғысы кезінде неміс концлагеріне түскен азиаттық тұтқындардан «Түркістан легионы» деген әскери жасақ құрылған еді. Оны Мұстафа Шоқай құрды деген қауесет те болды, қазір ол кісінің «Түркістан легионына» ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Оның құрамында болған тұтқындардың тағдырт а л а й ы ө т е қиын.
С о ғ ы с аяқталғаннан кейін оларды соттап, лагерьлерге жіберді. Содан бұлар Сталин о дүниелік болғаннан кейін ғана, яғни, 1954 жылы ақталған. Осылардың ең соңғысы Жәрдем деген кісі 90 жасында қайтыс болды. «Атырау – білім өлкесі» кітабында осыны қамтуға тырыстым. Өйткені, бұлар да – тарихымыздың ақтаңдақ тұстары. Назар аударатын тағы бір мәселе – діни ағартушылар, — деп сөзін одан әрі сабақтады Ш.Нағымов.
– Олар – сонау ақ патшаны тағынан төңкеріп, бүкіл Еуразия материгіндегі қ о ғ а м д ы қ ө м і р г е ө з г е р і с әкелген 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін елдің сауатын ашып, ғылым-білімге жетелеген жандар. Біздің өңірімізде Қазан төңкерісіне дейін 100-ге тарта мешіт болған. Міне, осы мешіттердегі молдалар, ишандар мен хазіреттер «дін-апиын» деген атеистік саясаттың құрбаны болып кете барғаны жасырын емес. Кітапта осы кісілер туралы деректер жинақталды. Әріге бармай-ақ, КСРО Халық мұғалімі Құсиын Айтқалиев ағамыз туралы ешкім білмейді. Ол кісіні зерттеп, қазір көзі тірісінде естелігін жазып алып, әдістемесін тарататын кез жетті.
ӨРГЕ БАСҚАН «ӨРЛЕУ»
« Ө р л е у » б і л і к т і л і к т і арттыру ұлттық орталығы» а к ц и о н е р л і к қ о ғ а м ы филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін а р т т ы р у и н с т и т у т ы н ы ң а ғ а о қ ы т у ш ы с ы Т а м а р а Қайырова қ а з а қ ж ә н е орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдары м ұ ғ а л і м д е р і н е а р н а л ғ а н педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының « М е к т е п т е г і ө л к е т а н у жұмысын ұйымдастыру және өткізу» білім беру бағдарламасы әзірленгендігіне тоқталды.
– Аталған жоба өлкетану м а т е р и а л д а р ы а р қ ы л ы отансүйгіштікке тәрбиелеу, п е д а г о г и к а л ы қ ү д е р і с т і ң «түсінік қалыптастыру – білім беру – біліктілік – практикалық іс-әрекетке баулу» атты тізбегін құрастыруды көздейді. Курс барысында өлке зерттеушілердің өз өлкесінің т а б и ғ а т ы м е н т а р и х ы н , даму ерекшеліктерін оқыпүйрету мақсатында көшпелі т ә ж і р и б е л і к с а б а қ т а р , мұражайлар мен мұрағаттарға б а р у а р қ ы л ы з е р т т е у жұмыстары ұйымдастырылды, — деп өлкетану бағытындағы атқарылған жұмыстардан хаб ардар етті Т а м а р а Қуанғалиқызы.
«Білім б е р у п р о ц е с і н психологиялықпедагогикалық сүйемелдеу» к а ф е д р а с ы н ы ң а ғ а о қ ы т у ш ы с ы , п е д а г о г и к а ғылымдарының магистрі Айсұлу Бағытова «Өлкетану ж ұ м ы с т а р ы н ы ң т ү р л е р і , м ә с е л е л е р і , ж е т і л д і р у ж о л д а р ы » т а қ ы р ы б ы н д а баяндама жасады. С о н д а й — а қ , д ө ң г е л е к үстел барысында онлайн байланысқа шыққан Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Рашида Харипова « М и я л ы қорғандары», «Сарайшық» мемлекеттік тарихимәдени музей-қорығының директорының орынбасары Айбек Тұрарұлы «Сарайшық» музей-қорығының өлкетану бағытындағы мектептермен жұмысы» туралы баяндама жасады.
Дөңгелек үстел «Рухани ж а ң ғ ы р у » б а ғ д а р л а м а с ы н е г і з і н д е б і л і м б е р у мекемелерінде қоғамдық білім негіздері пәндерін оқыта отырып, тәрбиелік шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұ л т т ы қ қ ұ н д ы л ы қ т а р д ы қ а л ы п т а с т ы р у , б ү г і н г і ж а һ а н д а н у ү р д і с і н д е ә р ұлттың өзіндік бет-бейнесін сақтап қалу үшін ұлттық құндылықтарды басты назарда ұстау, жаңартылған білім беру мазмұны аясында өлкетану негіздері арқылы өз елінің тарихын зерттеп, құрметтеу, п а т р и о т и з м г е т ә р б и е л е у жөнінде ұсыныстар қабылдады.
Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА