ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ЖАЗАСЫ ҚАТАҢ

Атырау облысында мұнай өнімдерін ілеспе жүк құжатынсыз тасымалдаудың 10 фактісі анықталып отыр. Заңсыз дизель отынының көлемі 103 тоннаны құрайды.

Маңғыстау облысында салықтық тіркеу есебінде тұрған «Т.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 60 тонна дизель отынын ілеспе жүк құжатынсыз тасымалдапты. Бұл жүкті Жылыой аудандық салық басқармасы жергілікті полицейлермен бірлесіп тоқтатқан болатын.

Мұнай өнімдерінің айналымы саласында заң бұзғандар, мұнай өнімдерін ілеспе жүк құжаттарынсыз тасымалдағандар қатаң жауапкершілікке тартылады. Атап айтқанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің (ӘҚБтК)  213 бабының 5 тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған мұнай өнімдері және құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сондықтан, заңсыз іске барғандар жазасыз қалмайтындығын ескеруі қажет.

Ғалым ТАШЕКЕНОВ,

Атырау облысы бойынша

салық департаментінің бас маманы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз