Төтенше жағдайға орай бюджеттен тағы 5 млрд. теңге бөлінеді

img 20240412 wa0376 Жаңалықтар


Бюджеттік кодекс жүйесінде жергілікті атқарушы орган резервінен төтенше жағдайға орай облыс және қала бюджетінің екі пайызы аударылуы тиіс. Ал мұнайлы өлкенің биылғы бюджеті – 331 миллиард теңгеге жуықтайды. Сондықтан оның 2 пайызы – 6,5 миллиард теңгеден асады. Бүгінде жалпы соманың 1,5 миллиарды бөлінген.

Атырау қалалық мәслихатының депутаттары жыл басынан бері облыста орнаған төтенше жағдайларға байланысты қалалық қазына резервінен тағы 5 миллиард бөлінуі туралы шешім қабылдады. Мұндай шешім қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Рулана Досқалиеваның ұсынысымен бекітілген.

-Облыс бойынша орнаған төтенше жағдайда Атырау қаласының бюджетінен 5 миллиард 81 миллион бөлініп жатыр. Бұл қаражат қалалық және ауылдық округтердегі жұмыстарға жұмсалады. Біз депутаттар мұның қайда, қалай жұмсалғаны туралы сұраныс жазамыз және бұдан басқа құзырлы органдар бақылауға алады,- деді Атырау қалалық мәслихатының төрағасы Нұрбол Құрман.
Айта кетейік, мұндай қаражат үш бағытта: шұғыл шығын, сот шешіміне орай міндеттемені төлеуге және төтенше жағдай кезінде жұмсалады. Қалалық қаржы бөлімі басшыларының сөзіне сенсек, бұған дейін бөлінген ақшаның 358 миллионы «Жұлдыз» шағынауданында жарияланған төтенше жағдайға байланысты игерілген.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз