АТЫРАУДА ҚАНША ҚЫЗМЕТТІК ҮЙ САТЫП АЛЫНДЫ?

1 3 Жаңалықтар

Atr.kz/6-наурыз, 2019 жыл. Атырау облысында ауыл қызметкерлеріне 59, халықтың әлеуметтік осал тобы үшін 29 үй сатып алынды.

Айта кету керек, мұнай секторындағы жоғары еңбекақыға байланысты Атырау облысының аудандарында қызметтік үй мұғалімдер мен дәрігерлер, учаскелік инспекторлар, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, азаматтық және мемлекеттік қызметшілер үшін ынталандыру болып есептеледі. Бұл шара ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын мамандарды сақтауға мүмкіндік береді.

2018 жылы жалпы сомасы 1 млрд 62 млн теңге болатын 92 қызметтік үй сатып алынды. Оның ішінде Атырау, Құлсары қалаларында бір-бірден қызметтік үй алынған, қалғандары ауылдық жерлерде.

Барлық сатып алынған үйлер қызметтік болып саналады, жекешелендірілмейді. Оның ішінде 59 үй мұғалімдер мен дәрігерлер, учаскелік инспекторлар, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, азаматтық және мемлекеттік қызметшілерге арналған. Ал 29 үй – халықтың әлеуметтік осал тобына – мүмкіндігі шектеулі, туберкулезбен ауыратын, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға берілді. Енді 4 үй бөлінеді. Тұрғын үйдің орташа бағасы – 11 млн теңгеге жуық.

2018 жылдың маусым айында Жылыой ауданының әкімшілігі аудан әкіміне жекешелендіру құқығы жоқ қызметтік үй сатып алуға ашық конкурс жариялады. Конкурс шартында тұрғын үй екінші дәрежелі болуы және жалпы ауданы 140 шаршы метр болуы керектігі көрсетілді. Лот сомасы – 30 млн теңге.

Айта кету керек, Құлсары қаласында мұндай көлемдегі тұрғын үйдің нарықтағы бағасы 30-50 млн теңге аралығында. Конкурс нәтижесінде ауданы 373 шаршы метр, оның ішінде тұрғын жай 142,6 шаршы метр, қалғаны шаруашылық қора-жайлар болатын тұрғын үйді ұсынған жеткізуші ұтты. Конкурстық комиссия алқасының шешімімен осы жеткізуші жеңімпаз болып танылды, себебі ең төмен бағаны ұсынған. Бұған дейін ауданда қызметтік үй болған жоқ.

Дереккөз: Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Атырау газеті author

    2018 жылы жалпы сомасы 1 млрд 62 млн теңге болатын 92 қызметтік үй сатып алынды. Оның ішінде Атырау, Құлсары қалаларында бір-бірден қызметтік үй алынған, қалғандары ауылдық жерлерде.