Қор жеткілікте ме: Атырауда дәрілік заттардың қандай жағдайда сақталып тұрғаны белгілі болды

photo nnn1 7697 scaled 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

 «Атыраудағы медициналық ұйымдарда қажетті дәрілердің, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы препараттардың жеткілікті қоры жасақталған.

Пандемияның «екінші толқыны» бола қалған жағдайда қоймадағы дәрі-дәрмек қоры екі айға жетеді», -деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы аталған басқарма мамандарының облыстық қоғамдық ұйым өкілдері, журналистермен бірлесіп өткізген дәрі-дәрмек қорын түгендеу рейді барысында  белгілі болды.  

«Пандемия өршіген тұста қоймада сақтаулы тұрған дәрілік заттар пайдаланылады. Қазір қорда қан сұйылтатын, қызу түсіретін препараттардың 61 мың данасы тұр. Сондай-ақ, 462 мың бір реттік маска, 73 мың жеке қорғаныш құралдарының  жиынтығы бар. Яғни, қорғаныш жиынтығының ішіне бетперде, көзілдірік, костюм, қолғап кіреді.

Мұндай мониторинг жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу бөлімінің басшысы Ермек Шмалиев.


Рейд жұмысында анықталғандай, қазіргі уақытта аталған «СК-Фармация» ЖШС-нің опеарциялық қоймасында емханалар үшін 5 аталым бойынша 189 мың, ауруханаларда 26 атау бойынша 1 млн.  дана препарат сақтаулы.

Сондай-ақ, пандемия өршіген тұста мемлекеттік медициналық ұйымдарды қамтамасыз ететін  9 аталым бойынша дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш құралдарының төмендемейтін қоры Геолог емханасының қоймасында жасақталған.

Айта кетейік, бұған дейін пандемия өршіп, өңірдегі дәріханалар жағдайы қиындаған кезде қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін Атырау облысы әкімдігі «Іңкәр» ЖШС-не 500 млн.теңге бөліп, дәрілік заттардың 42  атауы бойынша тұрақты қор жасақтаған болатын.  


Қазіргі уақытта «СК-Фармация» ЖШС тарапынан жасақталған тұрақтандыру қорында 40 млн.теңге болатын 22 түрлі дәрілік заттар Ақтөбе қаласындағы үлкен қоймада  (ХАБ) сақталып тұр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз