Атырау қалалық мәслихатының жаңа төрағасы сайланды

rd Жаңалықтар

Кеше Атырау қалалық мәслихаттың жаңадан сайланған 25 депутаты қызметіне кірісті.

Сессия барысында қала әкімі Мейірім Қалауи қалалық мәслихаттың VII шақырылым депутаттарына алғысын білдіріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына қосқан үлестері үшін облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады.

– Сіздермен бірге халықтың көкейінде жүрген мәселелерін шешуде бірлесе жұмыс атқардық. Қаланың күнделікті тіршілігіне депутат болып араласып, мәслихаттың мінберінде ғана сөйлеу міндетті емес екендігі белгілі. Біз сіздермен қашан да бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз. Ал, жаңадан сайланған халық қалаулыларының жұмысына сәттілік тілеймін, – деді М.Қалауи.

Сессия жұмысы барысында кандидатурасы ұсынылған Нұрбол Құрман қалалық мәслихат төрағасы болып сайланып, депутаттардан қолдау тапты. Ол өзіне сенім білдіргені үшін депутаттарға алғысын айтып, алдағы атқарылар ортақ жұмыстарға абырой тіледі. Күн тәртібінде белгіленгендей, сессия барысында мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамы мен төрағалары бекітілді. Айта кету керек, қалалық мәслихаттың құрамына «Amanat», «Ақжол», «Байтақ», «Аманат», «Ауыл», «Қазақстан халық партиясы» партияларының өкілдері сайланып отыр.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Суретті түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз