Жарнама
Жаңалықтар

Тосқауыл болар тәсіл

Соңғы бірер жылда «пандемия», «локдаун», «карантин» терминдерінің ауызекі сөзге айналғаны сонша, екі кісі бас қоса қалса, осы сөздерді міндетті түрде айтады. Бұл дүниені дүрліктірген COVID-тың жағымсыз әсері екені даусыз. Осы жағдай инфекциялық аурудың өршуі адам ағзасына қаншалықты қауіпті екенін анық көрсетіп отыр.

VI ғасырдың ортасында пайда болған оба пандемиясы 200 миллионға жуық адамды жалмаған. «Қара өлім» атымен тарихта қалған екінші індет XIV ғасырдың ортасында белең алып, Еуропа халқының жартысына, Азия халқының 30%- ына ауыз салыпты. Үшінші оба пандемиясы XIX ғасырда Қытайда басталып, бірнеше жылға созылып, бүкіл жер шарын шарпыған. Ал 1897 жылдың басында обаға қарсы тұңғыш вакцина шығарылып, оба пандемиясы толық тоқтады. Иә, адамзат басынан небір кесапат, індет, сұмдық оқиғаларды өткерді. Келесі бір қауіпті індеттің бірі шешек ауруы еді. XX ғасырдың өзінде бұл аурудан 300 миллион адам қайтыс болған. Бұл дертпен көбіне сәбилер ауырған көрінеді. Аман қалғандарының денелерінде өшпестей шешектің ізі қалған. Тек вакцина ғана бұл аурудың бетін қайтара алды.

Ж а л п ы қ а н д а й жұқпалы ауруға болса да қарсы қолданылатын вакцина микроорга — низмдерден алынады. Басқаша айтқанда, ол – адам мен жануарлар ағзасына жұқпалы аурулардан сақтану, олардың иммундық қасиетін арттыру мақсатында егілетін п р е п а р ат т а р . Та л а й ғасырдан бері қалың елді дүрліктірген жұқпалы дерттерді ғалымдар осы вакциналардың көмегімен ғана жеңіп келеді. Соңғы кезде вакцина туралы қоғамның пікірі екіге бөлінген. Бірі жақтаса, қарсы жағы даттайды. Ғаламторды ашып қалсаңыз, сан түрлі пікір мен алып-қашпа әңгімелер көп айтылады. Расында адам қандай жаңалықты да бірден қабылдай қоймайды. Оның үстіне сәтсіздіктер жайлы түрлі пікір айтылған соң қорқып қалады. Меніңше, осы тақылеттес келеңсіз оқиғалар екпені салу барысында кездесетін сәтсіздіктерге қатысты орын алады. Сол себепті осы тұста ең алдымен, медицина қызметкерлерінің қырағылығы, білім-білігі, екпеге байланысты ел арасында кеңінен насихат жұмысын жүргізуі қажет. Ал халықтың мәселеге толық көзі жетсе екпеден қашпайды. Менің айналамда да ондаған адам екпе ектіріп, еркін адымдап жүр…

Бибігүл СЕРІКБАЙҚЫЗЫ

Атырау қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button