Мәжіліс төрағасы сайланды

  Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Бақтықожа Ізмұхамбетовтің отставкасынан кейін депутаттар жасырын дауыс беру арқылы палатаның жаңа төрағасы лауазымына Нұрлан Нығматулинді сайлады. ҚР Конституциясының 58-бабы, 1 тармағына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Мәжіліс депутаттарының арасынан палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Ал, Мәжіліс төрағасының қызметіне кандидатураны палата депутаттары ұсынады. Осыған байланысты депутат Қуаныш Сұлтанов Мәжіліс спикері лауазымына Н.Нығматулиннің кандидатурасын ұсынған болатын. Мәжілістегі партия фракциялары басшыларының барлығы да кандидатураны қолдады. Төрағаны сайлау бойынша құрылған санақ комиссиясының мәліметінше, жасырын дауыс беруге қатысқан палатаның 102 депутатының барлығы бірауыздан Н. Нығматулиннің кандидатурасын жақтап дауыс берген

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз