
Жаңалықтар
Тоқаев Моңғолияға, Шри-Ланкаға және Дания Корольдігіне жаңа елшілерді тағайындады
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Моңғолияға, Шри-Ланкаға және Дания Корольдігіне жаңа елшілер тағайындалды, — деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда дерегіне сүйенсек, Мемлекет басшысының жарлығымен Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті бұған дейін Ғабит Қойшыбаев атқарған болатын.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Сергей Александрович Викторов тағайындалды.