
Токио 2020: қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды
Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ерлер арасында жүзуден 100 м брасс әдісімен S13 санатында өткен финалда Н.Жұмағалимен бірге тағы бір қазақстандық Нұрали Советқанов жарыс жолына шықты. Бәсеке қорытындысында Нұрдәулет 1:05.20 нәтижесімен мәрені үшінші болып қиды. Әлемдік рекорд жасаған германиялық Тализо Энгель (1:02.97) чемпион атанса, америкалық Дэвид Абрахамс (1:04.38) күміс жүлдеге ие болды. Нұрали сегізінші болып келді (1:10.99). Осылайша Қазақстан қоржынына бесінші медаль түсті.
Бұдан бұрын Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын алса, Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина парадзюдодан күміс жүлдеге ие болған еді.