Мәдениет пен өнерді қалай өркендетеміз?

DSC 0056 Жаңалықтар

Atr.kz/31 наурыз, 2019 жыл.  «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалында Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Басқосуда аталған қоғамдық кеңес құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, биылға арналған жұмыс жоспары, Елордаға Нұр-Сұлтан атауын беруді қолдау және партияның ХVIII cъезінде  қабылданған «Бақуатты қоғам: онжылдықтың он мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын халыққа түсіндіру жұмыстары талқыланды.

Атырау облысы мәслихатының хатшысы, аймақтық кеңес төрағасы Өмірзақ Зинуллиннің төрағалығымен өткен жиынға қоғамдық кеңес мүшелері мен жұмысшы топ өкілдері қатысты.    

  • – Біз тарихи сәтті бастан кешудеміз. Ширек ғасырлық мерекенің қарсаңында бұл бастаманы жеке өз басым қолдаймын.  Өйткені, бұл – тарихта бар жағдай. Мемлекетті құрған адамның есімімен қаланы атау тәжірибесі бар. Нұрсұлтан атындағы қаланың болғаны Тәуелсіздіктің символы іспеттес. Тәуелсіз Қазақстан мен Назарбаевтың аты синонимдер секілді. Тарихи көзқараспен және егеменді елдің азаматы ретінде мұны өте бір әділ ұсыныс деп ойлаймын. Сондықтан, біз жас ұрпаққа осы мәселенің маңызды шешім екенін атап көрсетуіміз қажет, – деді  қоғамдық кеңес төрағасы Өмірзақ Зиноллаұлы.                         

Алқалы басқосуда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңес мүшелері өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті.

«Қиын-қыстау кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халқымызды бір арнаға тоғыстырып, бүгінге дейін алып келді. Ұлт Көшбасшысының сарабдал саясатының нәтижесінде елімізде ауқымды жұмыстар атқарылды. Елордасы аз уақыттың ішінде әлемге танымал алып шаһарға айналып та үлгерді. Сондықтан, бұл істердің барлығы Елбасының ерен еңбегінің жемісі екенін ескеріп, Астана қаласын оның есімімен атауды қолдаймын» деді Ұлттық спорт түрлерінің Атырау облыстық клубының директоры Өнербек Жанбала.             

Елорда атауын Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов бұл шешімге шүбә келтурдің еш мәні жоқтығын баса айтты. 

  • «Елбасының ел үшін жасаған игілікті істері туралы біраз айтуға болады. Соның ішінде Ұлт Көшбасшысының елдің даму алғышарттарын жасап беруі өте маңызды. Қай салада болмасын алға өрлеудің негізгі тетіктерін қалап берді. Қазақстанның болашағы үшін қажетті қадамдарды жасады.  Астана қаласындағы сан алуан ғимараттарды айтпағанда, Азияда жоқ мешіттің алғаш рет Астанада тұрғызылуы да Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі. Қала жанына ағаш егіп, оны кең алқапты орманға айналдыруда да Елбасының рөлі зор. Тізе берсек, Астанаға оның есімін беру әбден лайық» деді Қатимолла Ризуанов.                                                                                                

Бүгінгі тарихи сәтте қоғамда әр алуан пікірдің орын алып жатқаны шындық. Қалай десек те, қашан да ел бірлігін сақтап алға жылжу – маңызды фактор. Осы тұрғыда облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов сөз сөйледі. 

«Елбасы әркез бірлік пен тыныштықты ту етті. Ассамблеяның құрылуы да оның көреген саясатының жемісі болатын. Сондықтан, Елбасына қандай құрмет көрсетіп, бағаласақ та Ұлт Көшбасшысының еңбегі зор.  Бас қаланың Нұр-Сұлтан аталуы да халықтың бірлігі мен ықыласынан туғандығын ерекше айта аламыз» деді Исатай Құндызбайұлы.

Сонымен қатар, жиында партияның ХVІІІ съезінде «Бақуатты қоғам: онжылдықтың он мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі қабылданған жаңа бағдарамасында көрсетілген  он мақсатты әрбір азаматқа жүйелі жеткізіп, оның жүзеге асырылуын мейлінше бақылау қажеттігі туралы кеңінен айтылды.  Кеңес мүшелері жиында аталған мәселелерді тұрғындар арасында кеңінен талқылап, мұндай кездесуді аудандарға шығып, мекемелерді аралап жиынды көшпелі түрде өткізу жөніндегі ұсыныстарын да білдірді.                                                        

«Әрбір жас өз Отанын, ұлтын, мемлекетін сүйіп өсуі керек жəне сол елге еңбек еткен адамдарды да еш уақытта ұмытпау маңызды. Осы орайда Тұңғыш Президентіміз салған сара жолмен жүріп, оның жүріп өткен ізін жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету – бізге, яғни, аға буынға парыз. Сонымен қатар, әрбір қазақстандық отбасыларды қолдап, жас ұрпаққа қолжетімді білім беріп, саламатты ұлт қалыптастыру маңызды. Азаматтардың жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасап, кәсіпкерлікті дамытып, қоғамның бақуаттылығының негізін арттырған жөн. Осынау істерде бір адамдай жұмылып, «Мирас» қоғамдық кеңесінің рөлін арттыруымыз қажет» деді кеңесті қорытындылаған Өмірзақ Зинуллин.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Ержан СӘЛІМГЕРЕЕВ,

жүзуден халықаралық дәрежедегі

спорт шебері:

Көшін алға сүйреген Елбасы

Қай кезеңде де көшін алға сүйреген Елбасының арқасында еліміздің мәдениеті мен спортын әлем танып үлгерді. Көк байрағымыздың дүние жүзінің түкпір-түкпірінде көк аспанда желбіреп, Әнұранымыздың асқақ шырқалуы – біз үшін үлкен мерей. Ал, мұндай жетістікке жету Елбасының спортқа даңғыл жол ашып, көрсеткен қолдауының жемісі емес пе?! Сондықтан, Елбасымызға қашан да ықылас-құрметімізді білдіру – бізге парыз. Ендігі уақытта да еліміздің намысын абыроймен қорғаймыз деп сендіремін.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз