Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының кубогі өтуде

Атырауда көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының кубогі өтуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дүбірлі додада еліміздің 13 өңірінен келген 200-ден астам гимнастшы қыздар жекелей және топтық бағдарламалар бойынша бақ сынауда. Көркем қимылмен, ерекше киінген қыздар өнерлерін ортаға салып, көрерменге гимнастиканың түрлі қимыл-әдісін көрсетті. Оларға еліміздің білікті жаттықтырушылары төрелік етті.

— Бүгінгі жарысқа қыздар екі бағдаралама бойынша бақ сынауда. Осы кубогтен кейін Шымкент қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатысамыз. Қазіргі уақытта топтық бағдарламада 1 разряд бойынша оқушыларым 3-орын алды, деді аға-жаттықтырушы Көклан Егеубаева.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысының көркем гимнастикасына 20 жыл. Аталған спорт түрімен облыста 500-ден астам тұрғын айналысады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button